ЗАУЫТТЫҚ БАСТАУ

 

«ҮМЗ» АҚ мен Мәскеу инженерлік-физикалық институтының (МИФИ) түлектері арасындағы еңбек шартына қол қойылды.

Арнур Мұқажанов пен Бексұлтан Сағандық Қазатомөнеркәсіптің грант есебінен, Мәскеу инженерлік-физикалық институтының (МИФИ) «Электроника және физикалық қондырғыларды автоматтандыру» мамандығы бойынша біліп алған. Екеуіне де «инженер-физиктің» біліктілігі берілген. Өз еңбек жолын жас мамандар ғылми орталықтың ядролық – отын цикілі зертханасының техник-лаборант ретінде бастайды. Бүгінгі күні бұл бөлімшеде ядролық отын цикілі саласындағы «ҮМЗ» АҚ мен Қазатомөнеркәсіп үшін стратегиялық маңызы зор көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Енді жас мамандар алған білімдерін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі бар. 

Осындай зауытта жұмыс істеу – менің мансабым үшін жақсы бастама. Бұл өндірістік қызметтен тәжірибе алып, қажетті тәжірибелік дағдыларды жинауға мүмкіндік береді – деп санайды Бексұлтан Сағандық.

Үлбі металлургиялық зауытымен танысу Көрме – ақпараттық орталықтан басталды. ҮМЗ тарихы, өндірістің ерекшілі мен шығарылатын өнім туралы ақпараттар жастарды бей-жай қалтырмады.

Зауыттың алып қарқыны таңдандырады – дейді Арнур Мұқажанов. – Бұндағы алаңмен қоса, әлем деңгейіндегі сапалы өнімді шығаратын ең ірі өндірістің жұмыс істеуі таңдандырады.

Еңбек шартқа қол қояр алдында «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостов жастармен кездесіп, еңбек қызметінің басталуымен құттықтап, оларға табыс тіледі.

Сонымен қатар айтып кетерлік жайт, Қазатомөнеркәсіп кәсіпорны Қазақстанның және Жақын шет елдерінің 25 жоғарғы оқу орындарымен және колледждермен жұмыс істейді. Бүгінгі күні компанияның есебінен 320 студент білім алуда.

 

«ҮМЗ» АҚ Баспасөз қызметі 14.07.2017