«ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ»

 

Қуанышпен қатар, қасірет әкелген, жеңіске деген мақтаныш пен жеңілудің ауыртпашылығын, шерулер салтанаты мен қаза тапқан ерлерді еске алу күні.

 

Адамзат баласын фашизмнен арашалап қалу жолында от пен оқтың ортасында қан кешкен майдангерлердің жанқиярлық ерлігі. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн! Соғыс өтсе де, ол ұмытылмайтын із қалдырды. Бұл күн қуаныш, еске алу және қайғы сабақтасқан мереке. Кеуделері орден мен медальға толы майдангерлер жеріміздің қазынасы.

Бұл мереке өз Отаны, туған жері үшін соғысқан батырлардың айбыны, Жеңісті жақындатқан батырлардың ерлік еңбектері үшін алғыс айтып, еліне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіретін күн. Ұлы Отан Соғысына қатысқан кеңес халқының батылдықтары мен ерлікті айбындылығын бағалау өте қиын. Үлбы металлургиялық зауытыда ардагерлердің ерлік істері туралы естеліктер сақталып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі.

Майданнан оралған жүздеген жауынгерлер Үлбі металлургиялық зауытының құрылысына және дамуына өз үлестерін қосты.

Менім жолдасым Василий Прокофьевич Григоренко Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Ол Украинаның 1 – ші фронтында әскери қызметте болған. Соғыс аяқталғаннан кейін, ол Өскемен қаласына келіп, зауытқа жұмысқа орналасады. Ол жылдары кәсіпорын жаңа салынып жатқан еді, - деп еске түсіреді Надежда Григоренко. – Соғысқа қатысқан өзге жауангерлермен бірлесіп ол қаламыздың ең ірі  кәсіпорнын құрды.

Жылдар өте келе, Ұлы Жеңістің 72 жылдығын тек тоғыз майдангер – үлбіліктер ғана тойлайды. Ұлы Отан Соғысына бірінші күнінен соңғы күнге дейін қатысқан Геннадий Георгиевич Кульбицкий. Григорий Степанович Северушенков Ұлы Отан Соғысының ірі шайқастарының бірі  - Курск шайқасына қатысқан. Евгений Емельянович Лескин және Михаил Федосеевич Кузьмин Ленинград корғанысының қатысушалары болды. Василий Афанасьевич Николаев пен Александр Феофанович Демидов жапон басқыншылармен ерлікті шайқасты. Раиса Кузьминична Кашкина және Анастасия Захаровна Кулигина соғыста зенит қаруынан оқ атушылары болған. Эвакуациялық госпиталдің аға медбикесі Анна Максимовна Заикина, жараланған жауынгерлердің өмірін сақтап қалу үшін қызмет еткен. Солтүстік – Кавказ майданының фашистерімен шайқасқан Татьяна Андреевна Пименова.

Мерекелік күндері Ұлы Отан Соғысына қатысқан барлық ардагерлерге және бұрынғы концлагерь тұтқындарына, зауыт әкімшілігінің тарапынан 30 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат, азық түлік және алғыс хаттар берілді. Зауыттың жастар бірлестігінің өкілдері майдангер – үлбіліктерді мерекелерімен құттықтап, оларда қонақта болып қайтты. Сонымен қатар «Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбектері үшін» ҮМЗ зейнеткерлеріне - тыл еңбеккерлеріне де қайырымдылық көмек көрсетілді.

.... балалық шақтары сол соғыс жылдарына тап келген көптеген қыздар мен ұлдар. Олар да Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Мектеп партасында отырмай – олар станоктардың басында тұрды, далада ойнап жүгірудің орнына – олар егістікте еңбек еткен.

- соғыс жылдары мен кішкентай қыз болғам. Барлық балалар сияқты мен де егістікте жұмыс істеп, жеміс – жидектерді жинағам. Біз Жеңісті жақындатуға өз үлесімізді қосуға тырыстық, - деп еске түсіреду ҮМЗ зейнеткері Фаина Ермакова.

 «ULBA» ОМҮ Ұлы Отан Соғысы батырларының құрметіне мерекелік концерт өткізілді. Өскемен қаласының танымал артистерімен Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері соғыс жылдарындағы өлеңдерді айтты.

Сонымен қатар Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін ұлықтау және ҚР жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу жөніндегі «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобының бастамасымен құрылған «Жеңіс» әлеуметтік – қайрымдылық жобасы шеңберінде мерекелік іс – шаралар өткізіледі.

 

 

Наталья ПАШАГИНА

15.05.2017