Біз туралы жазады

 

Құрметті Үлбі металлургиялық зауытының ұжымы!

Кәсіпорынның 65-жылдық мерейтойына орай ыстық ықыласымыз бен шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Үлбі металлургиялық зауытының Өскемен экономикасында алар орны ерекше. Бұл кәсіпорын біздің өңірдің әл-ауқатын қамтамасыз етіп отырған тірек деп білеміз. Зауыт ұжымының өз ісіне деген махаббаты мен адал еңбегінің арқасында бүгінгі күні бұл өнеркәсіп алпауыты бүкіл әлемге өзінің заманауи өнімдерін ұсынып отыр. 

Сіздердің қиын да болса аса қажет, терең білім мен біліктілікті қажет ететін  еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Қазақстанның экономикасын дамытудағы үлестеріңіз айтулы. Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңіз, шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз нағыз құрметке лайық.

Мерейтой қарсаңында кәсіпорынға тұрақты даму мен толағай табыстар, ал ұжымға отбасы бақыты мен игілігін, жаңа жетістіктер тілейміз.

Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов
Қалалық мәслихат хатшысы   А. Абакумов

«Оскемен»  газетасы  № 43 23.10.2014 г.