Біз туралы жазады

 

Үлбі металлургия зауытының құрылғанына 65 жыл

 Еліміздегі атом өнеркәсіп саласының негізі саналатын Үлбі металлургия зауытының құрылғанына 65 жыл. Кәсіпорын қазір халықаралық нарықта Қазақстанның атын шығарып жүр. Зауыт мерейтойын осындай жетістіктермен атап өтіп жатыр.

 

Үлбі металлургия зауыты уран, тантал және бериллиден өнім өндіруде әлемде алдыңғы қатарда. Кәсіпорын Қытай мемлекетіне жылытуға арналған түйіршіктер, ал Жапония үшін уранды қайта өңдесе, жаңа өнім түрлерін де жасауда. Бұл жұмыстың қалай басталғанын мерейтойда зауыттың ардагерлері мен қазіргі басшылары еске алды.


Юрий Шахворостов, «ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасы
- Үкімет сол кезде қысқа мерзімде өндірісті жаңа бағытта дамыту жөнінде тапсырма қойды. Сондықтан бұл мүлде жаңа сала ретінде қолға алынды.
Кәсіпорын сол мүддеден шыға білді. Ал қазір де үлкен міндеттер жүктеліп отыр.


Сергей Яшин, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
- Үлбі металлургия зауытының бүгінгі әлеуетіне қарап, «Қазатомөнеркәсібі» өзінің алдына қойған мақсаттарына жетеріне сенімді.
Валентина Воронцованың айтуынша, артылған сенімді ақтау дәстүрге айналған. Ол осы зауытта 48 жыл жұмыс істеген. Тіпті кәсіпорынды Өскеменнің жүрегі санайды.


Валентина Воронцова, ардагер металлург
- Бүкіл қала осы зауыт негізінде салынды. Славский атындағы жағалау, Орталық Мәдениет үйі, бәрі қандай әдемі! Шынын айту керек, қаланы осы кәсіпорын асырап отыр.
Зауыттың 65 жылдық мерейтойына әр жылдары жұмыс істеген буын өкілдері жиналды. «Үлбі» мәдениет сарайының сахнасында зауыттың жұмысшылары ән-жырдан шашу шашты. Олардың бірқатары бүгінде Өскеменге танымалдыққа ие.

Олжас Керейхан, Аслан Төлепов, «Хабар» 4.11.2014