|
|
| Жаңалықтар
Әкімнің сыйлығы
«УМЗ-информ» газеті «Индустриялық даму – жаңа мүмкіндіктер» номинациясындағы журналистиканы дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына ие болды. Зауыт газетіне лауреат дипломын Қазақстан Республикасы Баспасөз, теледидар және радио күнінің қарсаңында өткен облыстық медиа-форумда өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тапсырды.
2006 жылы «УМЗ-информ» газетінің редакция ұжымы өңір тіршілігін объективті бейнелегені және облыстың оң келбетін қалыптастығаны үшін ШҚО әкімінің грамотасымен марапатталған еді. Бұл жолы зауыт басылымы өз номинациясында Шығыс Қазақстандағы үздік болып танылды.
Биылғы жылы ШҚО әкімінің сыйлығына үміткерлер қатарына 56 тапсырыс түсті. Үміткерлер арасында шығармашылық топтар мен өңірлік БАҚ журналистері, республикалық газеттердің және телеарналардың меншікті тілшілері болды. Сондықтан он номинацияда беделді марапатқа ие болу жолындағы шығармашылық сайыс барыншы қызу болды. Қызу сайыста үздік болып танылған біздің зауыттық газетіміздің жеңісі сондықтан да аса қуанышты.
Бердібек Сапарбаев БАҚ-ның барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен, ал сыйлық иегерлерін – лайықты марапаттарымен қызу құттықтады. Медиафорум қатысушыларына арнаған сөзінде ол «баспасөз билік пен халақ арасындағы маңызды байланыстырушы тізбек болуды, екі жақты қосушы көпір болуды жалғастыруда. Дәл осы қоғамдық мінбе арқылы халық өз мәселелерін, ұсыныстарын белгілеп, оны атқырушы билікке жеткізіп отырады. Тұрақты диалогтың арқасында біздің қаламыздың және аудандарымыздың көптеген мәселелері шешіліп, әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыты реттеледі», - деді.
Әкім журналистерге ортақ игілік жолындағы үлкен жұмыстары үшін алғыс білдіріп, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
ҮМЗ-ақпарат
|
|
|