Жаңалықтар

Аудит сәтті өтті

24-28 мамыр кезеңінде «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесі – сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған орта менеджменті жүйесіне қадағалау аудиті кезінде TÜV Thüringen e.V. сертификат жөніндегі орган тарапынан тексеру жасалды.

 

Мененжмент жүйесінің ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 стандарттар талаптарына сәкестігіне жыл сайын тексеру жүргізу сертификаттау жөніндегі органнаң міндетті талабы болып табылады. Биылғы жылы уран, бериллий, тантал өндірістері, Энергетика орталығы, бас энергетика бөлімі, қойма шаруашылығы, сатып алу бөлімі, іргелі құрылыс  және қайта құру бөлімі, сапа жөніндегі директор қызметі, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор қызметі, персонал және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директор қызметі, өткізу жөніндегі директор қызметі тексерілді.


Тексеруге TÜV Thüringen e.V. атынан сапа менеджменті жүйесі бас аудиторы ретінде В. Алексин және қоршаған орта менеджменті жүйесіне қадағалау бойынша бас аудитор ретінде В. Качалов қатысты. Жұмыс барысында аудиторлар екі ескерту жасады, сонымен қатар, менежмент жүйесі аясында жекелген қызметтер әрекетін жақсартуға қатысты бірқатар пайдалы кеңестер берді.


Тексеру сәтті аяқталды. «ҮМЗ» АҚ тағы бір жылға менеджменттің екі жүйесі бойынша сәйкестік сертификатына құқығын растады. Бірақ осымен болды деуге болмайды. Менеджмент жүйесін OHSAS 18001 (денсаулық сақтау және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету менеджменті жүйесі) сәйкестікке дейін жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастырумен қатар қазірдің өзінде аудиторлар ұсынған кеңестерге негізделген менеджмент жүйесін жақсартуды жоспарлау бойныша жұмыстар басталады.

 

*   *   *

26 мамырда тантал өндірісінде сәтті өткен сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған орта менеджменті жүйесіне қадағалау менеджментінің сыртқы қадағалау аудитіне дайындық жұмыстары тантал өндірісі бөлімшелерінде аудиторлар келерден көп уақыт бұрын басталған еді. Ескерту іс-шараларын өткізу үшін стандарттау және сапа бөлімі ұйымдастырған ішкі аудиттің қорытындысы пайдаланылды. Дайындыққа стандарттау және сапа бөлімінің жетекші аудиторы А. Гуркин үлкен көмек көрсетті.


Сыртқы аудитті ISO 9001 бойынша аудит командасының басшысы В. Алексин жүргізді. Жұмыс барысында ол өндіріспен танысты, персоналмен әңгіме жүргізді, сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған орта менеджменті жүйесінің тиісті халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін растайтын қажетті дәлелдерді жинады және қолданыстағы өндіріс әрекетін жақсарту бойынша кеңестер берді. Қорытынды мәжілісте аудитор тексеру кезіндегі персоналдың жедел көмегін, атқарылған жұмыстың оң нәтижесін атап өтті, сонымен қатар кеңестерді жүзеге асыруды ұсынды. Тантал өндірісінің директоры А. Цораев бүкіл ұжымға алғысын білдіріп, өндіріс қызметін барлық бағыттар бойынша әрі қарай жетілдіру қажеттігін атап өтті.

 

ҮМЗ-ақпарат

 

Copyright 2001-2010