| Жаңалықтар
Атомшыларға арналған «Оскар»
28 қыркүйекте мерекеленетін Атом саласы қызметкерлерінің күнін Үлбі металлургиялық зауытында «ULBA-ОСКАР» сыйлығын тапсырумен атап өтті.
Бұл күннің алдында үлбіліктер ҮМЗ-ның жаңаланған Мәдениет үйіне жиналды, онда киноконцерт залында «ULBA-ОСКАР» сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Оған Үлбі металлургиялық зауытының 60 жылдық мерейтойына арналған кәсіпорында алғаш рет өткізілген ең үздік бейнесюжет конкурсының жеңімпаздары ие болды.
Зауыттықтар арасында жыл бойы өткізілген мерейтойлық шығармашылық конкурстарының жарқын қорытындысы осындай болды. Осы уақыт ішінде кәсіпорын қызметкерлері мен ардагерлері өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін өндірістік тақырыпты, корпаративті мәдениетті, зауыт дәстүрін бейнелей отырып, әдеби конкурста, белгінің үздік эскизі конкурсында, үздік фотосурет және үздік бейнесюжет конкурстарында көрсете білу мүмкіндігіне ие болды.
Үздік бейнесюжет конкурсын «Зауыттық отбасы», «Демалыс – қомақты іс», «Жеті рет өлше» атты үш атау бойынша өткізілді. Қатысушылардың жұмыстарын «Реал-Тайм» студиясының директоры Саид Фазыловтың төрағалығымен білікті қазылар бағалады. Оның құрамына «ҮМЗ» АҚ директоры м.а. Юрий Шахворостов, персонал және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директор Елена Денисова, «ҮМЗ» АҚ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Сайн Ильясов, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Дмитрий Крюкович, «Өскемен-Қазақстан» телеранасының белді журналисті Вера Лазарева болды. Қазылар жұмысын бірнеше сөзбен айту мүмкін емес. Әр келкі баға, қарама-қайшы пікірлер айтарлықтай дау туындатты, себебі жұмыстардың бәрі қызықты болды, - деді өз сөзінде персонал және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директор Елена Денисова. – Осы кезең ішінде мені ең таң қалдырғаны үлбіліктердің шығармашылыққа зор ұмтылысы, рухани әлемінің байлығы. Қиындықтарға қарамастан адамдар өлеңдер мен очерктер жазуға, фотоға түсіруге, кино түсіруге әзір, кейде кәсіпкерлердің шеберілігінен кем түспейді.
Конкурсқа ұсынылған 23 фильмнің 11-ін қазалар атап өтті. Олардың барлығы салтанатты рәсімде көрсетілді.
Қазылардың шешімімен «Жеті рет өлше» атауында ұсынылған жұмыстардың конкурс шарттарына сәйкеспеуіне байланысты жүлделі орын берілген жоқ. Ал «Зауыттық отбасы», «Демалыс – қомақты іс» атауларында лауреат болғандарды рәсімге қатысушылар мен көрермендер бірден біле қойған жоқ. Конкурстың ұйымдастырушылары құпияны әдейі аяғына дейін сақтады.
Марапатталғандар қатарында бірінші мадақтау сыйлығының иелері аталды: «ҮМЗ» АҚ ардагері Александр Мурашов, әлеуметтік қатынастар бөлімінің менеджері Евгений Зинин, берилий өндірісінің приборшысы Александр Грохотов, Үлбі жобалық-конструкторлық институтының жетекші инженер-жобалаушысы Павел Сундиков және «ҮМЗ» АҚ ардагері Владимир Шибаров. Фильмдердің авторларымен бірге көрермендер Шығыс Қазақстанның және Кенді Алтайдың туристер соқпағымен жүріп өтіп, Қара Теңіз түбіне сүңгіді, Семей қаласындағы Невзоров отбасының үй-мұражайында болды, зауыт жастарының бірлестігі өміріне араласты.
Зауыттық «Оскарға» бәйге қызи түсті. Бірінші конверт ашылып, конкурста үшінші орын алған үлбіліктердің аттары аталды. Олар берилий өндірісінің директоры Александр Борсук және осы өндірістің приборшысы Александр Грохотов болды. Екінші орын иелеріне арналған қол шапалақтау корпоративтік басқару бөлімінің менеджері Михаил Бирюков пен қойма шаруашылығының қоймашысы Людмила Исуповаға қошемет көрсетті.
Мерекенің ең толқынысты сәті келіп жетті. Конкурс қазыларының төрағасы Саид Фазылов «ULBA-ОСКАР» сыйлығының иесін атады. Екі атаудан бірден екі бірінші орынға ие болған әлеуметтік қатынастар бөлімінің менеджері Евгений Зинин қолына шуровка ұстаған кинотаспасымен оралған металлургтің қол статуэткасы түріндегі «ULBA-ОСКАР» сыйлығына ие болды.
- Үлбі металлургиялық зауыты әрқашан өз идеяларымен және жобаларымен таң қалдырып келеді, - деп атап өтті қазылар мүшесі Вера Лазарева. – Бейнесюжет конкурсы да бізді қуанышпен тамсандарды. Конкурс адамдардың жүрегін жандырған фильмдер жасай білген кәсіпорын қызметкерлерінің шығармашылық бастауын ашты.
Наталья ПАШАГИНА
«УМЗ-информ»
|