Жаңалықтар

Cарапшылар келісім берді

2009 жылдың 25-29 мамыры кезеңінде «ҮМЗ» АҚ сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) сертификациялық жүйесінен және қоршаған орта менеджменті жүйесінен (ҚОМЖ) өтті. Бұндай сараптаманы әдетте «сыртқы аудит» деп  атайды.

 

Ол «ТЮФ Тюринген» сертификация жөніндегі органның атынан әрекет ететін «Интерсертифика-ТЮФ» және ТЮФ Тюринген аудиторларының
бірлескен күшімен өткізілді. «ТЮФ Тюринген» Германия мен Австрияның  техникалық қадағалау қоғамдарының бірлестігі TŰV CERT сертификаттау жөніндегі органдар қауымдастығының құрамдас бөлімшесі болып табылады, TŰV CERT менеджмент жүйесін сертификаттау және персонал жөніндегі органдар арасында әлемдік көш басшы ретінде танымал бестікке кіреді.


Кезінде TŰV CERT сертификация жөніндегі органдар қауымдастығының қызметін біздің кәсіпорын алғашқы сертификациялық аудит жүргізуде пайдаланған, себебі сол кезеңдегі «ҮМЗ» АҚ-ның негізгі тұтынушысы, бүгінде «ТВЭЛ» деп аталатын корпорация дәл сол TŰV CERT сертификация жөніндегі органдар қауымдастығының сапасын мақұлдаған еді. Аудит сәтті өтті, ал «ҮМЗ» АҚ атом энергетика реакторларына арналған уран қосылыстарынан алынатын, оның ішінде регенерацияланған өнім өндірісі саласында сапа менеджменті жүйесі бойынша халықаралық стандартқа сәйкес Қазақстандағы алғаш кәсіпорын болған. Сол сәттен бастап он бір жыл өтті, біздің зауытымызда көп өзгерістер болды, сонымен қатар сертификация жөніндегі органдардың талаптары да өзгерді, бұл биылығы жылы ҮМЗ ұжымы үшін күрделі емтихан болды. 
Биылғы сертификациялық аудитке әзірлік бірқатар сыртқы және ішкі себептерге байланысты қиын жағдайда өтті. Қысқа мерзім ішінде сапа менеджменті жүйесі құжаттарын талдау және 2008 жылы қарашада ISO стандартизация жөніндегі институт қабылдаған ISO 9001 стандартының жаңа версиясының талаптарына сәйкестікке келтіру қажет болды. «ҮМЗ» АҚ басшылығының СМЖ мен ҚОМЖ сараптамасын  бір TŰV CERT сертификаттау жөніндегі органға тапсыру туралы шешімі «ҮМЗ» АҚ ҚОМЖ консалтингтік аудитін жүргізуді талап етті.


Аудиторлардың бұл келуіне бөлімшелер мен құжаттамаларды аса мұқият дайындау қажет болды. Өткен кезеңде  «ҮМЗ» АҚ-ның ISO 14001 талаптарына сәйкестігін растаған сертификаттаушы орган «Бюро ВеритасҚА» (BVQI) қарағанда TŰV CERT талаптары барынша қатаң.
«ҮМЗ» АҚ құрылымының өзгеруі, функцияларды қайта бөлу, бірқатар бөлмшелерді ірілендіру жұмысты біршама қиындатты. Бұл факторлар СМЖ мен ҚОСМ құжаттамасына енгізілген айтарлықтар түзетулер жасауға себеп болды.
Толықтыру енгізу құжаттар санын біршама көбейтті, көптеген бөлімшелердің әрекетіне өзгерістер енгізіп, бағдарламалық өнім жоқ болғандықтан қағаз тасымалдаушы арқылы жүзеге асырылды. Жекелеген ішкі себептердің ықпалын аудиторлар атап өтті. Аудит жүргізу сәтіне қарай құжаттар жаңартылды, ал сертификаттау жөніндегі орган талап еткен құжаттар сараптама және аудит жоспарын алу үшін қажетті жерлерге жолданды.


25 мамырда аудиторлар командасы іс-әрекеттің төрт бағыты бойынша бір мезгілде тексеру жүргізуге кірісіп кетті. СМЖ мен ҚОМЖ-нің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттық дәлелдер жинақтау бойынша жұмыс бес күнге созылды. Жұмыс барысында аудиторлар шағын кеңестер өткізді, «ҮМЗ» АҚ-да пайдаланылып жүрген жекелеген механизмдер жүйесінің әрекеттеріндегі қызықты шешімдері атап өтті. Тексеру барысында аудитор В. Качалов алдағы уақытта өзінің семинарлары мен монографияларында мысал ретінде ҮМЗ мамандарының пайдаланылып жүрген көптеген сәтті шешімдерін көргендерін айта кетететіні туралы бірнеше рет атап көрсетті. Зауыттың  басшылары мен мамандары  өздерін біртұтас кәсіби команда ретінде көрсете білді.
Қорытынды мәжілісте бас аудиторлар СМЖ мен ҚОСМ бойынша ескертулерін жария етті, олармен «ҮМЗ» АҚ басшылығының өкілдері келісті. Сыртқы аудиторлар біздің кәсіпорынымыздың жұмыс нәтижелеріне ризашылықтарын білдірді және қорытынды мәжіліске қатысушыларды TŰV CERT алдында «ҮМЗ» АҚ-на ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 іс жүзіндегі менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкестікті растайтын сертификат беру бойынша қолдау көрсететіндіктеріне сендірді.
Қазір біз сертификаттау жөніндегі органның ресми шешімін күтудеміз.

             

Елена СОЛОПОВА,
БЖБ жүйелік құжаттама бюросының бастығы

«УМЗ-Информ» 19.06.09 жылғы №12

 

Copyright 2001-2010