Жаңалықтар

Қоғамдық таныту

Үлбі металлургиялық зауыты тағы да қоршаған  табиғи ортаны   қорғау бойынша өз қызметінің үнемділігін растады.  Мәскеуде 5-наурызда өткен  «Өндірістердің энергетикалық  үнемділігі және экологиялық қауіпсіздігі. Ресей мен Қазақстанның аса үздік кәсіпорындарының кеңесі» дөңгелек үстелінде  салтанатты  рәсім кезінде «ҮМЗ» АҚ сертификат тапсырылды, ол  екі елдің кәсіпорындарының арасында   зауыттың экологиялық, энергетикалық және экономикалық үнемділіктің көшбасшысы болғанын куәландырады.

 

Тапсырылған сертификат РФ мен ҚР 400 жуық өнеркәсіп  кәсіпорындарының бағалауы бойынша,  ресейлік  тәуелсіз экологиялық рейтинг агенттігі (ТЭРА) және қазақстандық тұрақты өндіріс пен тұтыну Орталығы жасаған (ТӨТО) үлкен жұмыстың қорытынды кезеңі болды. Нәтижесінде ҮМЗ қоғам алдында жоғары әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік көрсетуші Қазақстан металлургиялық кәсіпорындарының рейтингі бойынша бірінші орын алды. Бұл факт  ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі шығарған «Қазақстан кәсіпорындарының экологиялық рейтингтері» анықтамасында  көрсетілген.
Барлық 400 қатысушылардың экологиялық үнемділік рейтингі бойынша ҮМЗ  бірінші ондыққа кіріп, құрметті тоғызыншы орын алды. Бұл жетістіктің маңыздылығын бағалау үшін, мынаны айту керек: Үлбі металлургиялық зауытына тең Новосібір химконцентрат зауыты осы рейтинг бойынша 29- бағанада орналасты, ал Өскемен AES компаниясының ЖЭО 189 орында тұр...


2008 жылы 265 Ресей кәсіпорындары мен  126 Қазақстан кәсіпорындары  жұртшылыққа  өз экологиялық әсерлері, энергия тұтыну және экономикалық жетістіктері туралы    ашық  айтты, және бұл тәуелсіз салыстырма жүргізуге мүмкіндік туғызды.  Лас заттардың ағындылары мен шығарындыларын азайтудың, отын мен қуатты пайдаланудың, су мен жердің,  жұмыстағы және алынған пайданың  көлемдік көрсеткішінің  нақтылы санына  баға беру орындалды. Салыстырмалық жағынан экология,энергия,экономикада  жақсы көрсеткіштері бар кәсіпорындар бизнестің үнемділігін  жұртшылық  растайтын сертификаттарға ие болды.
«ҮМЗ» АҚ экологиялық қызметі стратегияның маңызды құрамы болып табылады.  Зауыттықтардың  осы мәселені шешудегі табысты жұмысын абыройлы танымал ететін  2003 жылы ИСО 14.001 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес  қоршаған ортаның менеджмент жүйесінің сертификатталуы болды.  Республикада және  ТМД елдерінің  атом энергиясының кешенінің кәсіпорындарының арасында ҮМЗ алғашқы болып  осындай сертификатқа ие болды және жыл сайын оны  растайды.
Көптеген жыл бойы ,яғни пайдалануға  берілген уақыттан бастап, зауыт   атмосфераға  шығарындыларды және лас заттарды суға  ағызуды шекті  түрде, шығаруды  жоғарылатпай, қайта рұқсаттық планканы  елеулі төмендетіп  жұмыс істеуде.  Жоспарлы түрде жаңа  табиғатты қорғау технологиялар іске  енгізілді, қоршаған ортаға әсер ету  жылдан жылға   төмендеп келеді.  Осының барлығы  қызметтері табиғи ортаны қорғауға бағытталған үлбіліктерге қоғаммен расталған сертификаттың тапсырылуының негізі болды.


Марапатталғандардың арасында – ресейлік Газпром, ЛУКОЙЛ кәсіпорындары, ТВЭЛ корпорациясы, СОК топтары,  қазақстандық Имсталькон және Қазмұнайгаз. 2000-2008 жылдардың аралығында  қызметтері жұртшылықпен расталған  сертификаттарға Ресейдің 28 кәсіпорны және Қазақстанның 13 кәсіпорны ие болды. Ресейдегі  Қазақстан Республикасының  елшілігі  екі елдің қоғамдық ұйымдарының жұмыстарын  ЕурАзЭс интеграциялық процестің арнасындағы конструктивті ынтымақтастықтың  теңдессіз  үлгісі ретінде атап өтті.  Энергетикалық саясат жөніндегі Комитеттің басшысының орынбасары Юрий Станкевич ТЭРА және ТӨТО  кәсіпорындардың жетістіктері мен  «осал жерлерін»  ғана атап өтпей,  осы нәтижелерге жетуге әсер еткен шараларды да атап өтуге шақырды. Ресей  кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілер одағының  корпоративтік әлеуметтік саясат департаментінің директоры Елена Феоктистова  40 жеңімпаз кәсіпорындардың тәжірибесін жинап, дағдарыстан үнемді  шығу жолын табатын бизнеске көмек көрсету үшін,  жақсы іскерлік  тәжірибе түрінде  рәсімдеуді ұсынды:
- Үздік компаниялардың істеген жұмыстары  жұртшылықтың  жетістігі болуы тиіс және табысты шешімдердің, инновациялардың, тәжірибелердің квинтэссенциясы  болуы тиіс,- деді ол. – Арнаулы NERAX-Есо қорлық индекс динамикасы көрсеткендей, компанияның мөлдірлігі мен экологиялық үнемділігі дағдарыс кезінде де  капиталдауға  жақсы әсерін тигізеді.

Юрий БУРЫХ
«ҮМЗ-Информ», №6, 27.03.2009.

Copyright 2001-2010