Тантал өндірісі


Электрондық өнеркәсіптегі мінез-құлық кодексі
«ҮМЗ» АҚ-ның электронды өнеркәсіп азаматтық коалициясының талаптарына сәйкестік сертификаты


"Үлбі  металлургиялық  зауыты" АҚ тантал өндірісі  ТМД аумағында  жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты  қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар  аса ірі кәсіпорындардың қатарына  жатады.  «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі тантал-ниобий шикізатының,  оның ішінде күрделі  өңделетін қандай да болса түрін қайта өңдейтін, белгілі  сапа параметрмен өндірілетін өнімнің  қолайлы технологиясымен ерекшеленеді.  Кәсіпорынның тантал мен ниобий  өндірісіндегі  негізгі реагент, фторлы сутек  қышқылын өндіруге  қажетті  өз флюорит рудасының шикізат базасы (Қаражал кен орны, Қазақстан) бар.


«ҮМЗ» АҚ  жоғары білікті   инженерлік-техникалық және  ғылыми-зерттеу  персоналы, жарты ғасырлық  тантал өндірісі бойынша жұмыс тәжірибесі  тапсырыс берушінің  талаптарына сай   жоғары сапалы өнім  шығаруға мүмкіншілік жасайды.

Өндірісте қолданылатын технология   тазалығы 99,97 пайыздық  тантал өндіруге кепілдік береді.  Тұтынушыға өнім  белгілі мерзімде  келіскен спецификация бойынша  жеткізіледі.

Кәсіпорын мамандары, заманға сай  металл рыногының талаптарын ескере отырып, тантал өндірісінің инвестициялық даму бағдарламасын әзірледі, және ол  бес жыл ішінде  осы мақсаттарға 20 млн. долл.  игеруді көздеп отыр. Бағдарлама орындалса  «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің өнімдері  сыртқы және ішкі  рыноктарда  оның   қажеттілігін  қамтамасыз етеді, және Қазақстанның экспорттық әлеуетін  қатайтады.  Бәсекелестік қабілеті бар, жоғары сыйымдылықты  конденсаторлық тантал ұнтақтарының және  заманға сай конденсаторлар  сымдарының, құйма, илек, сым, ұнтақ, лигатура түріндегі ниобий өнімдерінің үнемді өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр.
 
«ҮМЗ» АҚ  тантал өндірісінің  сапалық басқару жүйесі  ISO 9001:2000  халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификатталды.

"Үлбі  металлургиялық  зауыты" АҚ тантал өндірісі   әлемдік рынокта келесі өнімдерді ұсынады:

 

ТАНТАЛ ӨНІМДЕРІ:

 

Екі және үш дүркін  электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген , тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N и 4N5 тантал құймаметалдары
Ұсақ тіліктер;
Жазық және домалақ тантал илегі;
Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
Конденсаторларға арналған материалдар
TaY құймалары. TaY өнімдері
TaW құймалары. TaW  өнімдері
Вакуумдық-доғалық балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймаметалдары

 

НИОБИЙ ӨНІМІ

 

Ниобий  пентаоксиді
Ниобий құймалары
Nb ұсақ тіліктері;
Жазық ниобий илегі;
Шыбықтар, сымдар;
Ниобий ұнтақтары;
NbTi құймалары. NbTi өндірілген өнім
NbZr құймалары. NbZr өнімдері
Ниобий  бестотығы

 
ТАНТАЛ МЕН НИОБИЙ  БҰЙЫМДАРЫ

ФТОРЛЫ СУТЕК  ӨНДІРІСІ

 

 

 


28.10.2011 «ҮМЗ» АҚ – 62 жыл


19.10.2011 «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ТІС Бас ассамблеясының 52 сессиясына қатысуы туралы Пресс-релиз


27.06.2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы «ҮМЗ» АҚ-да болды


27.04.2011 Тантал атты металл


08.10.2010 Танталшылар аллеясы


30.07.2010 Бірінші дәрежелі жабдықтаушы


22.07.2010 Патенттер тапсырылды


10.01.2010 Сенiмдi ұрпақ әзipлеудемiз



Copyright 2001-2012