Уран өндірісі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі - энергетикалық қондырғыларға арналған уран отынын өндіру бойынша әлемдегі ірі кешендердің бірі.
Бүгінде «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі әлемдік нарыққа келесі  өнімдерді ұсына алады:

  • табиғи ураны закисі-окисі;
  • керамикалық сұрыпты ядролық уран диоксидінің ұнтағы;
  • ВВЭР, РБМК, PWR тұрпатындағы реакторларға арналған отын таблеткалары, оның ішінде эрбий оксиді мен гадолиний оксиді сияқты жанғыш  қоспалы отын таблеткалары;
  • AREVA NP француз дизайніндегі PWR реакторына арналған AFA 3G  типті отын таблеткалары
  • ашылуы қиын уранқұрамдас материалдарды қайта өңдеу бойынша қызметтер.  

Кәсіпорын мамандары әзірлеген бірегей технология тек дәстүрлі шикізат түрлерін ғана емес, сонымен қатар, күл, ерімейтін шөгінділер іспеттес ашылуы қиын, оның ішінде жанғыш сіңірушілер (эрбий мен гадалиний) сияқты  уранқұрамдас материалдардың да тиімділігі жоғары қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы технологияның әмбебаптығы кез келген уранқұрамдас материалды қайта өңдеу мүмкіндігінде, оның ішінде қайта қалпына келтірілген шикізатты Тапсырысшы спецификациясының ең жоғары талаптарына сәйкес өнімге дейін өңдеуде.


 

Қызметтердің кең ауқымы, икемді өндірістік және маркетингтік саясат, өнімнің жоғары сапасы Үлбі металлургиялық зауытын АЭС-терге арналған ядролық отынның әлемдік нарығында алдыңғы қатарлы позицияны ұстап тұруға, АЭС-терге арналған әлемдік ядролық отын нарығының белсенді қатысушысы болуына  жол ашады.


Қатаң мемлекеттік бақылау жағдайында уранқұрамдас материалдарды қайтаөңдеу нарығындағы жартығасырлық жұмыс тәжірибесі, персоналдың жоғары біліктілігі тұтынушылардың кез келген талаптарын қанағаттандыратын өнім өндірудің кепілі болуға мүмкіндік  береді.


Алдыңғы қатарлы технологияны, автоматтандырылған басқару мен заманауй технологиялық құрал-жабдықты пайдалану адамның уранқұрамдас материалдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен жанасуын минималдандыра отырып,   автоматты режимдегі технологиялық үрдісті жедел бақылауға және реттеуге жол ашады.
"ҮМЗ" АҚ уран өндірісі экология саласындағы әлемдік талаптарға сәйкес, ал қолданыстағы қоршаған орта менеджменті жүйесі 2004 жылғы версиядағы ISO 14001 стандартына сәйкестікке сертификатталған.        
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі Қазақстан Республикасында алғашқы болып халықаралық талаптарға сәйкестікке сапа менеджменті жүйесін сертификаттады.  
Қазіргі уақытта уран өндірісі:

  • керамикалық сұрыптағы уран диоксиді ұнтағымен жабдықтаушы ретінде General Electric американдық компаниясы сертификаттаған (1988 жылы);
  • керамикалық сұрыптағы уран диоксиді ұнтағымен жабдықтаушы ретінде Nuclear Fuel Industry жапон компаниясы сертификаттаған (2010 жылы);
  • AFA 3G типті отын таблеткаларымен жабдықтаушы ретінде AREVA NP француз  компаниясы сертификаттаған (2010 жылы);
  • AFA 3G типті отын таблеткаларымен жабдықтаушы ретінде CJNF қытай компаниясы сертификаттаған (2010 жылы);
  • Westinghouse (АҚШ, Швеция) компаниясында уран диоксиді ұнтағы сертификациядан өтті.

 

 


22.12.2011 Үлбі металлургиялық зауыты Қытайға отын таблеткаларын жеткізу туралы контрактіге қол қойды


17.08.2011 Назар салыңдар, түсірілді!


22.12.2010 Процесс жүріп жатыр!


21.12.2010 Жеңісіңмен, уран!


10.09.2010 Жоғары дайындық


10.06.2010 Оң баға



Copyright 2001-2012