Экология мен қауіпсіздік

 «ҮМЗ» АҚ басшылығының денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы  САЯСАТЫ

«ҮМЗ» АҚ атом энергетикасы, электрондық, металлургиялық өнеркәсіп  салаларының мұқтажы үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушісі ретінде аталған өнімнің нарығында көшбасшылық ұстанымды сақтап қалуды көздейді, және өз қызметін тұтынушылардың, қызметкерлердің, акционерлердің, сондай-ақ жалпы қоғамның ұзақ мерзімді мүдделеріне бағыттайды.


Біз денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында салалық көшбасшы болуға ұмтыламыз.
Біз өніміміз бен технологиялық процестердің жұмысшылардың денсаулығына  және қауіпсіздігіне елеулі әсер ететінін ескере отырып, «ҮМЗ» АҚ қызметінің мәніне және ауқымына сәйкес, олардың зиянды әсерін аса төмендетуге, сонымен қатар өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың деңгейін үнемі төмендетуге ұмтыламыз.
Біз, сондай-ақ, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласын тәуекелді басқара отырып, қала тұрғындарына тиетін зиянды әсерді азайтуға ұмтыламыз.   


Мақсаттарға жету бойынша жоспарларды іске асыруда «ҮМЗ» АҚ әрбір жұмысшысының қатысуы маңызды орын алады. Сондықтан, басшылық өзіне денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесін енгізу және қолдану процесінде жұмысшылардың қатысуын қамтамасыз етуді жүктейді.
Біз үнемі «ҮМЗ» АҚ жұмысшыларының денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын үнемі қадағалауды іске асырып, осы жұмыстың нәтижелігіне үнемі баға береміз.
Біз жұмысшыларымызға және басқа да мүдделі тараптарға «ҮМЗ» АҚ денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметі туралы барлық тиісті ақпаратты ұсынуға міндеттенеміз, және осындай жұмысты жеткізушілерден және мердігерлерден талап етеміз.

 

«ҮМЗ» АҚ басшылығы өзіне осы мақсаттарға ұмтылу міндеттерін жүктейді және мынандай ниет білдіреді:

  • өндіріс қызметінің нәтижелері бойынша жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының басымды қағидасын басшылыққа алу;
  • Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасына, халықаралық келісімдерге, мемлекеттік, салалық және еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша корпоративтік нормативтік талаптарға сәйкес, өндірістік қызметті іске асыру;
  • денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметкерлерді  үзіліссіз  оқытуды және біліктілігін жоғарылатуды іс жүзіне асыру;
  • жарақаттануды және денсаулық жағдайының төмендеуін болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеп, іске асыру мақсатымен, басқа ұйымдарда болған оқыс оқиғаларға үнемі талдау жүргізу және оларды болдырмауға алдын-ала іс-әрекеттер жасау;
  • технологиялық процестерді, өндірісті үнемі жетілдіріп, жабдықтарды жақсарту арқылы іс жүзіндегі оқыстардың деңгейін тиісті деңгейге дейін төмендету;
  • өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша нәтижелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және оның көрсеткіштерін жақсарту;
  • байланыстар құрып, мүдделі тараптардың денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша талаптары мен пікірлерін ескеру;
  • осы Саясатты басшылыққа алып, оны іске асыруға қажетті ресурстарды ұсыну;
  • денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында үнемі тексеру жүргізу және қызметтің нәтижелілігіне баға беру;
  • денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің менеджмент жүйесін үнемі жақсарту.

 «ҮМЗ» АҚ басшылығы өзіне денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыруға жауапкершілік алады, оның ережелерін бұлжытпай орындауға ниеттенеді және осыған әрбір қызметкерді шақырады.

 

 

 


12.07.2010 Саясат пен практика


25.06.2010 Еңбегі сіңген марапаттар


15.09.2009 «ҮМЗ» АҚ-да осы жылдың бірінші жартыжылдығында...


26.08.2008 Комитет құрылған


11.06.2008 ҮМЗ үлгі береді



Copyright 2001-2010