Экология и безопасность

«ҮМЗ» АҚ басшылығының экологиялық саясаты

«ҮМЗ» АҚ уран, бериллий, тантал, ниобий өнімдері мен балқытушы қышқыл өндірісі бойынша қызмет ететін кәсіпорын болып табылады. Қоршаған ортаға зиянды әсердің негізгі жайсыз аспектілері атмосфераға ластаушы заттарды шығару, оларды ағын суларға төгу және өндіріс қалдығын қалдық сақтаушы қоймаға орналастыру болып табылады.

 

«ҮМЗ» АҚ кәсіпорын қызметі  процесінің барысында туындайтын қоршаған ортаға әсердің жағымсыз аспектілерін  ойластыра отырып төмендетеді.

Біз «ҮМЗ» АҚ әсерінің аймағында тұратын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдай жасауға тырысамыз.

 

Біздің экологиялық саясатымыздың басты мақсаттары болып табылады:

  • өндіріс әрекетін Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы табиғат қорғаушы заңнамалық және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүзеге асыру;
  • өндіріс әрекетінің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;
  • қоршаған орта жағдайын үздіксіз жақсарту;
  • экологиялық апаттардың алдын алу;
  • ресурстарды тиімді пайдалану;
  • экологиялық  қауіпсіздікті ескере отрып, қолданыстағы технологияны және жаңа технология ендіруді үнемі жетілдіріп отыру. 

 

Мақсатқа сәтті қол жеткізу қамтамасыз етіледі:

  • ендірмес бұрын өндірістік процестердің қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы;
  • қоршаған орта менеджменті жүйесінің нәтижелі жұмыс істеуі арқылы;
  • ресурстарды пайдалануды азайту арқылы;
  • қоршаған орта жағдайына өз жауапкершігілігін сезіне отырып жұмыс істейтін персоналды мақсатты даярлау арқылы;
  • қоршаған ортаға қомақты әсер етуге байланысты негізгі операциялар сипаттамасы мен қызмет түрлерінің мониторингі мен өлшемін жүргізу, мүдделі тараптарға мониторинг нәтижесін жеткізу арқылы;
  • өнімді өндіріс барысында қоршаған ортаға тиетін әсерін азайтуды көздей отырып, ойластыру арқылы;
  • тапсырыс берушілерді, көлік ұйымдарын бізден алатан  өнімді тасымалдау қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру арқылы;

«ҮМЗ» АҚ қабылдаған мердігерлердің қоршаған ортаға қатысты қойлатын талаптарды сақтауы арқылы.


«ҮМЗ» АҚ басшылығы экологиялық саясаттың жүзеге асуына жауапкершілікті, оның мақсаттарын  бұлжытпау орындау мен оған кәсіпорынның әр қызметкерін шақыруды  өз мойнына алады.

 


12.07.2010 Саясат пен практика


25.06.2010 Еңбегі сіңген марапаттар


15.09.2009 «ҮМЗ» АҚ-да осы жылдың бірінші жартыжылдығында...


26.08.2008 Комитет құрылған


11.06.2008 ҮМЗ үлгі береді



Copyright 2001-2010