Зауыттың негізгі өндірістерінің бірі алғаш рет өнім сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлердің денсаулығын және өнеркәсіп қаупсіздігін сақтау, бизнес жүргізудің әлеуметтік және әдептік нормаларын сақтау жүйесі бойынша кешенді тексеруден сәтті өтті.
Бериллий өндірісі Ядролық физика институтының (ЯФИ) ВВР-К реакторына арналған бұйымдар әзірлеу бойынша жауапты тапсырысын орындады. Маусымның соңғы күндері дайын өнім тапсырыс берушілерге берілді және қабылдау жүргізген мамандардың оң пікіріне ие болды.
Шілденің басында «ҮМЗ» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) кезекті отырысында өнертапқыштығы мен ноу-хау үшін кәсіпорынның бірқатар қызметкерлеріне қорғау құжаттары тапсырылды.
Біздің кәсіпорнымызда ойластырылған Экологиялық саяасаттың басты мақсаты өндірістік әрекетті Қазақстанның табиғат қорғау заңнамаларына қатаң сәйкестікте жүзеге асыру, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету және оның жағдайын үздіксіз жақсарту болып табылады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті есепке ала отырып, жаңа технологияны жетілдіру және енгізу қарастырылған.
ҮМЗ-де маусым айы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Металлургия» мамандығы бойынша бітірген түлектері үшін айрықша қарау өтетін дәстүрлі айға айналды. Биылғы жылы зауыт тақырыбы бойынша дайындалған диплом қорғау Көрме-ақпарат орталығында оныншы рет болып өтті.